Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСА!

ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСА!

Мамандық әлемі әрқилы және таңқаларлықтай және де әрбір мамандық маңызды. Барлығы қажет, бірақ әр қилы сұранысқа ие. Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек, өйткені онымен сен барлық өміріңді байланыстырасың.
Бұл орайда №105 мектептің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Аталған кездесуде өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы туралы Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры А. Жүнісбеков айтып берді.
Азаматтық қорғау майоры А. Жүнісбеков балаларды қызметтің негізімен, авариялық-құтқару жұмыстарын жүгізу және өртті жою кезінде қолданылатын өрт сөндіру-техникалық жарақтармен таныстырды, сонымен қатар, өрт сөндірушілер тұрақты түрде арнайы жаттығулар өткізетіндігін, өрт орын алған жағдайда ептілік таныту және адамдарды құтқару үшін, спортпен айналысатынын түсіндірді. Сондай-ақ, өрт сөндіруші – бұл жай ғана мамандық емес, ол көмекке уақытылы келе білу, жанашу, өртте қалған адамдардың жанын түсіну. Сондықтан да өрт сөндіруші мамандығы жер бетінде маңызды мамандықтардың бірі екендігін атап өтті.
Одан әрі бүгінгі таңда «Өрт қауіпсіздігі» бойынша білікті офицерлерді дайындайтын жоғары талапты оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институты туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Өз сөзінің соңында «Мамандық таңдауға жауапкершілікпен қарау керек. Қандай мамандық таңдайтындықтарыңыз маңызды емес, маңыздысы адамдарға және елге қандай пайда алып келетіндігің»-деп атап өтті.
Сонымен бірге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

 

Пікір жазу