Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?

Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?

Бүгін Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Шымкент — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымын, сондай-ақ «NAR TV» телеарнасының ақпараттық қолдуымен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыруға арналған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы қажет?» тақырыбында жоғары оқу орындарының студенттері арасында пікірсайыс байқауы болып өтті.
Шараға Шымкент қаласындағы жоғары оқу орындары арасынан 8 команда қатысты.
Пікірсайыс барысында қатысушылар «Жоғары білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу үшін қандай шаралар атқарылуы тиіс» деген сауалға жауап іздеп, осы жайында өз ой-пікірлерін таразыға салды.
Пікірсайыс әдеттегіден өзгеше форматта өткізілді. Командалар «жақтаушы» және «даттаушы» фракцияларына бөлінбеді. Әр команда жоғары оқу орындарындағы жемқорлыққа қарсы күресудің жолдары туралы дайындаған жобаларын ортаға салды.
Сайыстың екінші кезеңінде командалар сол жобалар бойынша сауал-жауап форматында пікір таластырды.
Барлық командалар белсенділік танытып, өз пайымдарын аудиторияға жеткізе білді.

Пікір жазу