Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Жас құтқарушылар» үйірмесіне қатысушылардың арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды

«Жас құтқарушылар» үйірмесіне қатысушылардың арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды

«Жас құтқарушылар» үйірмесіне қатысушылардың арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Бала – біздің болашағымыз. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Біздер осы жастарымыздың білімді, денсаулығы мықты азамат болып өсу үшін ат салысуымыз қажет. Балаларға берілген бүгінгі тиянақты білім мен тәрбиие арқылы ертеңгі күнге деген дұрыс шешім жасағанымызды білеміз.  Осы мақсатта №7 өрт сөндіру бөлімінің ұйымдастыруымен № 97 жалпы орта мектеп оқушыларынан құрылған «Жас құтқарушы» үйірмесінің мүшелерінің арасында өрт сөндірушінің арнайы киімін киюден және түтік құбырларды дұрыс жалғап, жұмыс жеңін тартудан эстафеталық жарыс өтті. Жеткіншектерге жылдам әрі жауапты тапсырманы орындау жақсы көрініс қалдырды. Жарыстан алған жақсы әсерлерінен кейін оқушылар осындай жарыстарды жиі ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасады. Жарыс соңында қызметкерлер оқушыларға өрт сөндірушілердің қызметі жайлы айтып, оқушыларды сұрақтарына жауап берді және Көкшетау техникалық институтына 2020 жылға оқуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

А. Жунусбеков
Шымкент қаласындағы
№ 7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау майоры

Пікір жазу