Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Мекенжай анықтамасы қажет пе?

Мекенжай анықтамасы қажет пе?

Мекенжай анықтамасы қажет пе? Осы және бірқатар сұрақтар Шымкент қалалық Полиция департаментінде мемлекеттік органдардың мекенжай анықтамаларын талап етуді жою мәселелері бойынша өткен «дөңгелек үстелде» кеңінен талқыланды, деп жазады Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Соңғы жылдары мемлекеттік органдар өз жүйелерін интеграциялау жұмыстарын жүргізді. Сондықтан, қазір ақпараттық өзара іс-қимылдың дамуын ескере отырып, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер азаматтардың мекен-жайы туралы мәліметтерді бүгінгі күні ақпараттық жүйелерден ала алады.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде қағазбастылықты жою мақсатында (жұмысқа орналасу кезінде, мектептерге, балабақшаларға, емханаларға, банктерге және т.б.) мекенжай анықтамасы енді сұралмайды, сондықтан, оны беру тоқтатылады. Қазір нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілуде.

Сонымен бірге, азаматтардың өздері тіркеу мекенжайы туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» порталындағы (бұдан әрі — Портал) жеке кабинетінде тексере алады. Тұрғын үй иелері мекенжай бойынша тіркелген тұлғалар туралы мәліметтерді порталда немесе «электрондық үкімет» мобильдік қосымшасы арқылы телефонда тексере алады.

Пікір жазу