Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды

«Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.

Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тренингтің мақсаты: қарым-қатынас орнатуда, адамдардың мінез — құлқын болжауда полицейдің мүмкіндіктерін анықтайтын коммуникативтік шеберлікті, сөйлеу дағдыларын, білім мен қабілеттілікті дамыту болып табылады, өйткені әңгімелесушінің жағдайын дұрыс түсінбестен тиімді жоспарлау, шешім қабылдау, проблемалық және даулы жағдайларды шешу мүмкін емес.
Тренинг барысында тәртіп сақшылары көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін өз қызметінде қолдануға уәде берді.
Айта кетсек, полиция қызметкерлеріне арналған осындай психологиялық тренингтер Шымкент қалалық полиция департаментінің психологтарымен тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

Бұл өз кезегінде халықпен тікелей байланысып жұмыс жасайтын сақшыларға өте қажет треннинг. Қызметкерлер атқаратын саласына қарай осындай тренгингтерге жиі қатысса, жұмыс өнімділігі мен қызметкердің психологиялық тұрғыда дайын болуы жоғары болатыны сқзсіз.

Пікір жазу