Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » СТУДЕНТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

СТУДЕНТ ЖАСТАР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыруға арналған іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «Жастар ортасындағы сыбайлас жемқорлыққа қатынас. Не өзгерді?» тақырыбында «Отырар Кітапханасында» колледж студенттері арасында брейн — ринг сайысы өтті.

Студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға, олардың азаматтық патриотизм тұрғысынан белсенділігін арттыруға ықпал ету, сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге қолғабыс ету мақсатында ұйымдастырылған шарада алты колледж студенттері бақ сынады.

«Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Шымкент қаласы бойында департаменті «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қолдауымен өткізілген байқауда №4 Байланыс және энергетика колледжі студенттері («Энергетика» тобы) оза шауып, жеңіске жетті.
Сайыс жеңімпаздары «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» қарсаңында өтетін форумда марапатталады.

 

(Ә.Ә.)

(Азат Дидарбектің фоторепортажы)

Пікір жазу