Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖҮЙЕ ТҮСІНДІРІЛДІ

Шымкентте жаңа жүйе түсіндірілді, деп жазады  «OŃTÚSTIK арнасы» телеарнасының тілшісі П.Ортайдың материалына сілтеме жасаған didarbek.kz.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Оған сай тұрғындар екі түрлі медициналық пакет бойынша көмек алады. Кепілдендірілген медициналық көмекті Үкімет қаржыландырады. Ал, міндеттісі азаматтардың арнайы шотына жиналған қаржы есебінен жүзеге асырылады. Жаңа жүйеге сай халық медициналық және дәрілік көмекті тең дәрежеде алады.

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр. Мұнда арнайы қорға жиналған қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуға болады. Денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары осы тақырып аясында өз-өзін жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 Айжан Молдабаева – Шымкент қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы: Бұл іс-шара халық көп шоғырланған жерлерде, қоғамдық орындарда, автобекеттерде, базарларда жүргізіледі деп жоспарлануда. Яғни, халыққа міндетті әлеуметтік медициналық көмек туралы, қандай көмек ала алады, қанша жарна төлейтіндігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, балаларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге, көпбалалы аналарға, мүгедектерге, және сондай, ақ, жұмыссыз оралмандарға мемлекет тарапынан жарна төленеді. Егер мұнан өзге қандай да бір сауалдарыңыз болса, 1406 және 1414 байланыс орталықтары сіздер үшін жұмыс істейді.

 

Пікір жазу