Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Еңбекші ауданының полицейлері Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

Еңбекші ауданының полицейлері Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті

№94 орта мектеп ғимаратында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов Жұлдыз шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуге аудандық әкімдіктің өкілдері, Әкімшілік полиция және Жергілікті полиция қызметі басқармаларының қызметкерлері қатысты, деп жазады Шымкент қалалық ПД-нің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.


Кездесу аталған аумақта құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімеден басталды.
Кездесу барысында азаматтар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Тұрғындарды көбінен ауданның жол қауіпсіздігі мен құқық тәртібінің жағдайы қызықтырды. Олар барлық сұрақтарына толыққанды жауап алды.
Іс-шара соңында қатысушылар полиция қызметкерлеріне ұйымдастырылған кездесу үшін алғыстарын білдіріп, белсенді ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар, Еңбекші АПБ-ның бастығы полиция подполковнигі Ерлан Тасболатов №94 орта мектептің оқушыларымен кездесіп, «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Өз әңгімесінде ол ұрлық, тонау, қорқытып алу, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілікке тарту туралы айтып өтті. Жасөспірімдерге қандай жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді.


Балалар полицейлерді үлкен ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Осындай іс-шаралар әр түрлі мәселелерді реттеудің пәрменді тәсілі және құқық қорғау органдарының халықпен тиімді өзара іс-қимылының үлгісі болып табылады.

Пікір жазу