Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » Шымкенттің бас полицейі Е.Жумаханбетов Ақтас елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

Шымкенттің бас полицейі Е.Жумаханбетов Ақтас елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

Жуырда Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Е.Жумаханбетов Ақтас елдімекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді, деп жазады Шымкент қалалық Полиция Департаментінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Жергілікті тұрғындар тарапынан сұрақтардың барлығына жауаптар берілді.
Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы сөз болып, полиция қызметкерлерінің жұмысына қатысты айтылар сын — пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мәселелер көтеріліп, оның ішінде сұрақтардың басым бөлігі жол белгілеріне қатысты қойылды. Мәселен, елдімекеннің бойынан өтетін Сарыағаш — Шымкент тасжолында жаңа жол белгісін қою туралы тұрғындардың ұсынысы қаралып, Департамент қызметкерлерімен Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұйғарым жолданатын болды.
Сондай-ақ, Ақтас елдімекенінің аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.

Соңғы кездері шымкенттік бас полицей қаланың шеткі елдімекендері тұрғындарымен жиі кездесу өткізіп, олардың ұсыныс – пікірлерін тұрғындардың тікелей өздерінен тыңдауда. Алдағы уақытта да халықпен тікелей байланыс орнайтын осындай жиындар жалғасын тауып, жиында көтерілген мәселелер тек қағаз жүзінде қалмай, нақты шешімін табады деп сенеміз.

Пікір жазу