Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «Кереғар діни ағымдар, олардан қауіп және сақтық шаралары» тақырыбында кездесу өтті

«Кереғар діни ағымдар, олардан қауіп және сақтық шаралары» тақырыбында кездесу өтті

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Құрылыс және көлік» факультеті кафедрасының 4 жатақханасында «Кереғар діни ағымдар, олардан қауіп және сақтық шаралары»  тақырыбында кездесу өтті.


Кездесуге Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Оңалту жұмыстарын және діни псиxологиялық қолдау» бөлімінің басшысы Оспанов Далелxан қатысты.
Кездесу барысында діни сауатының кемшілігінен кейбір жастардың қазір кереғар діни ағымдардың шырмауына түсіп, күңгірт келешекке қадам басуы қоғамдық мәселеге айналған ащы шындық. Жастардың діни сауаттылығын жетілдіру арқылы оларды кереғар діни ағымдардың арбауынан, ал қоғамды діни алауыздықтан, діни экстремизмнен арашалауға болады.

Жан-жақты дамыған, діни сауаты жеткілікті жастар сонда ғана ертеңгі қауіпсіз қоғамның кепілі болмақ. Өйткені кереғар діни ағымдарға тосқауыл қою жолында діни сауаттылықты арттыру мен әлеуметтік мәселелер бойынша қамсыздандыру төңірегіндегі ақпараттарды білу қоғам үшін өзекті.

Пікір жазу