Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

ЖЕТІСАЙДА ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ӨЗ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Жетісайда тұрғын үй мәселесі өз шешімін тауып келеді, деп жазады Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жетісай ауданының құрылыс саласына 4,8 млрд теңге қаралып, өткен жылы 2 мектеп қолданысқа берілсе, тағы 7 мектеп пен 2 тұрғын үй ағымдағы жылға өтпелі. Аталмыш салаға биылғы жылы тағы 842,4 млн теңге қарастырылып, қосымша 4 тұрғын үйдің құрылысын бастау көзделіп отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы Қарақай ауылдық округіне қарасты Сәтпаев елді мекенінде құны 76,8 млн теңгені құрайтын медицина мен әлеуметтік салаларда жұмыс жасайтын жас мамандарға арналған 2 қабатты 10 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталса, аудандық «Нұғман» орталық мешітінің жанынан құрылған «Баспанаға жол» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен демеушілер есебінен Жетісай қаласынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 7,5 млн теңгені құрайтын 3 бөлмелі 3 баспана берілген.


Мұнан бөлек, биылғы жылы аталған қоғамдық қор арқылы аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға жалпы құны 96 млн теңгені құрайтын 12 баспананы тапсыру жоспарланып отыр.

Пікір жазу