Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Шардара: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды

Шардара: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды

Шардара ауданында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар қорытындыланды. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Шардара аудандық оқушылар үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда 2019 жылы өткізілген іс-шаралар мен атқарылған жұмыстар қорытындыланды. Сонымен қатар, 2020 жылғы жоспарларды таныстыру мақсатында «Turkistan Media Holding» ЖШС Рухани жаңғыру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен брифинг өткізілді.


Брифингте Шардара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы Алтынбек Ізтілеу ауданда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға байланысты кең көлемді баяндама жасап таныстырды. Ал,  «Turkistan Media Holding» ЖШС Рухани жаңғыру бөлімінің қызметкерлері 2019 жылы облыс көлемінде атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, биылғы 2020 жылдың жоспарларына тоқтала кетті. Шараға аудан әкімдігінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары, ауданның белсенді жастары қатысты.

Пікір жазу