Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Спорт » БӘЙДІБЕКТЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

БӘЙДІБЕКТЕ ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТ ӨТТІ

Бәйдібек аудандық спорт кешенінде Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл толуына арналған 2005-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында еркін күрестен Түркістан облыстық чемпионат өтті, деп жазады Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.


Қарсыластарына әр түрлі техникалық тәсілдерді қолданып, алғырлыққа, ептілікке үйрететін спорттың еркін күрес түріне облысымыздың орталығынан және қала, аудандардан палуандар келіп өзара бақ сынасты. Турнир тартысты өтті. Жасөспірімдер боз кілемде өздерінің ойлы ойын өрнегін көрсетіп, жарыстың көрігін қыздырды.


Көрермендердің қатарында еліміздің еркін күресін дамытуға ат салысып жүрген спорт ардагерлері де болды.
Жеңіске деген жігерліктерін көрсеткен Бәйдібектік палуандар 85 келі салмақта Әбдісәмитұлы Сардар 1-ші орынды, 68 келі салмақта Алин Қасымжомарт 2-ші орынды, 75 келі салмақта Айдар Алпамыс 3-ші орынды жеңіп алды.


Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды.

Пікір жазу