Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кентаудың орталық ауруханасындағы жағымды жаңалықтар

Кентаудың орталық ауруханасындағы жағымды жаңалықтар

Кентау қалалық орталық ауруханасы 314 төсек орынға бейімделген. Оның ішінде 40 төсек орын жұқпалы аурулар бөлімінде. Ауруханада 14 төсек орындық Майдантал бөлімшесі бар. Күндізгі стационар бөлімі 55 төсек орынға, ақылы бөлім 28 төсек орынға шақталған.

Бас дәрігер Г. Жұмағалиқызы басшылық жасайтын бұл мекеме қызметіне тұрғындардың ризашылығы шексіз.


Аурухана келушілері үшін жағымды жаңалық бұл  жеделсатының іске қосылуы. Әсіресе, жүріп — тұруы қиын науқастар үшін 4 бірдей жедел сатының жұмыс жасауы көңіл қуантады.

Бүгінде бас дәрігер Гүлбану Жұмағалиқызының басқаруымен инсульт бөлімшесі толыққанды жұмыс жасап жатыр. Компьютерлік томография жұмысы да алға қойылған.
Дәрігер нейрохирург маманын қайта даярлықтан өткізіп, жедел түрде ем қажет ететін науқастарға дер кезінде көмек көрсетілуде.
Лабораториялық диагностика толық автоматты жүйеге көшкен.  Биыл ауруханда  бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға арналған гемодиализ орталығының ашылуы күтілуде.   Бөлімшелердің ішінен реабилитациялық  және паллиативті палаталар  ашылуда.

Арухананың соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталып, мамандардың арнайы қайта даярлықтан өтуі тұрғындар үшін қуантарлық жағдай болар еді. Бұл жаңалықтармен қала тұрғындары облыс орталығына немесе басқа да орталық қалаларға сабылмай, дер кезінде қала ішінде қажетті ем-шараны қабылдап, уақытын үнемдеп, әрі дер кезінде ем алары сөзсіз.

Пікір жазу