Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Мейірімді жүректер ынтымақтастығы

Мейірімді жүректер ынтымақтастығы

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінде «Мейірімді жүректер ынтымақтастығы» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті.

Бала – біздің болашағымыз. Баланың бақыты, қуанышы, жетістігі әрбір ата – ана үшін шексіз бақыт. Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе туа бітті денсаулығында кемістігі бар бала тағдыры. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы.

Осы орайда №24 жалпы орта мектебінде инклюзивті сынып ашылған. Қимыл қозғалыстық және ақыл есі мен әлеуметтік экономикалық жағдайына қарамастан сапалы білім беру, олардың потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болуға көмектесу. Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті мүмкіндігі шектеулі балаларды ынталандыру, қуанту мақсатында оларға шағын сый – сияпат жасап, қуанышқа бөледі. Қазақта «Бір баланың қөңілін қалдыру бір шаһарды құлатқанмен тең» деген сөз бар. Бала қуанышы барлығымыздың бақытымыз болғандықтан өмірге құштар сәбилерімізді қуанту – адамзат парызы.

М.КЕНЖЕБАЕВА,

Түркістан қалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің маманы.

 

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*