Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ЖАЙДАРМАНДА ЖҮЗДЕСТІ

ЖЕТІСАЙ ЖАСТАРЫ ЖАЙДАРМАНДА ЖҮЗДЕСТІ

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «2020 жыл – Еріктілер жылы» аясында арнаулы орта оқу орындары мен мектеп оқушылар арасында Жетісай қаласы мен қала маңындағы ауылдық округтердің жайдарманшыларының 1/2 ойындары өтті.

Жастардың бойындағы мәдениеттілік пен рухани адамгершілікті дамыта отырып өнер-білімге деген шығармашылық ізденістерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 9 команда қатысты.
Жетісай ауданының әкімі Жамантай Қанайұлының қолдауымен өткен жылдың қазан айында бастау алған жайдарман ойындарының жоғары деңгейде өтуіне аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Жетісай қаласы әкімдігі, «Қазақстан КВН одағы» РЖҚБ Жетісай аудандық филиалы мен аудандық білім бөлімі, «NurOtan» партиясы Жетісай аудандық филиалы мен «ЖасОтан» жастар қанаты мұрындық болып отыр.

«Ерікті болу – ерлік» тақырыбында өткен сайыста командалар өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікті күлкіге қарқ қылды. Қоғамдағы қол жеткізген жетістіктер мен кемшін тұстарды, жастар мәселесін, ұрпақ тәрбиесі жайындағы қолбайлау болып отырған дүниелерді қазақы қалжыңмен жеткізіп, елдегі жастар саясатының жүзеге асуын дәріптеген жастардың ойыны көпшіліктің көңілінен шықты.

Қатысушы командалардың сахналық мәдениеті мен киім кию үлгісіне, қалжыңдарының өзектілігіне қарай бағаланып, үздіктері анықталды. Ұпай санымен «Абай», «Тұран» жалпы орта мектептері мен «Дарын» мектебінің, «Сырдария» университеті мен «Жетісай» жоғары медицина колледжінің құрамалары, ал, әділ қазылар алқасының шешімімен резервтік команда ретінде «Горький» мектеп-гимназиясының жайдарманшылары финалдық ойындарда бақ сынайтын болады.

Пікір жазу