Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢАДАН ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

ЖАҢАДАН ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді.

Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас -аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жергілікті тұрғындар үшін қуанышты хабар — осы жылы Ленгір қаласындағы 1-мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысын жүргізу жоспарланды. Олардың жалпы аумағы — 11 000 шаршы метр, 180 пәтер. Бүгінгі таңда мердігер мен инжинирингтік қызмет көрсетуші мекемелер анықталып, келісім -шарт түзу жұмыстары жасалуда. Осылайша, келесі жылы ауданда заман талабына сай баспаналар 180-ге жуық отбасының игілігіне берілетін болады.

Осылайша, жыл соңына қарай тұрғын үй зардабын тартып жүрген төлебилік жерлестерімізге қоныс тойын тойлайтын уақыт та алыс емес.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу