Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАҒАН ЖІГІТТІ ҰСТАДЫ

Түркістан облысы полицейлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жолмен ақша аудартып отырған жігітті ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленушінің айтуынша белгісіз тұлға оның инстаграм әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы «ОҢАЙ АҚША ТАБУ» атты ойынға қатысуға шақырған. Ойынның шартын түсіндіре отырып, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен алдымен 35 000 теңге салдыртып, екі еселеп көбейтіп беретінін айтып қызықтырған. Содан несиеңіз болуына байланысты тағы 57 000 теңге салуыңыз керек деп, есепшотына салдыртып алып, алдап кеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Сарығаштық полицейлер орын алған алаяқтық қылмысын «ізін суытпай» ашу мақсатында тез арада іске кірісіп кетті. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аталған есепшоттың кімге тиесілі екені анықталып, жәбірленушіні алдап жүрген күдіктінің жеке-басы белгілі болды. Полицейлердің қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында бұл қылмыста аяқсыз қалмады. Тәртіп сақшылары, күдіктіні 3 күн ішінде Шымкент қаласынан ұстады.
Тергеуші полиция лейтенанты Ерасыл Намазбаевтың анықтауынша, күдікті Шымкент қаласының тұрғыны, уақытша жұмыссыз жас жігіт болып шықты. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына аз қаржы салып, ақшасын көбейтіп алғанын айтып, жалған парақшасына жарнама жасап отырып, жәбірленушіні алдап түсіргені анықталды.

Күдіктінің бас шарасы «қолхатта». Қазіргі таңда ұсталған жас жігіттің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтықтың бүгінгі таңдағы жаңа түрі – ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты өмірге келген интернет-алаяқтық болып отыр және оның түрлері де күн өткен сайын кең таралып, көбейіп келеді. Интернет-алаяқтық деп – ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни, бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру секілді жымысқы әрекеттерді жасайды. Сондықтан барынша сақ болыңыз! Кез-келген адамға сенбеңіз, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпаңыз, көрсетпеңіз. Нақты сенімді болмасаңыз, ақша аудармаңыз!

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу