Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСАДЫ

На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят

Короновирус инфекциясының таралуына байланысты орын алған алған пандемия әлем экономикасына ауыр соққы болды. Әсіресе, Қазақстан сияқты дамушы елдер үшін бұл дағдарыс қиын болып тұр. Өйткені, індетпен бірге мұнай бағасының құлдырауы өндіріс көлемінің құлдырауына, сәйкесінше бюджетке түсімдердің азаюына және жұмыс орындарының қысқаруына әкеп соқтырады. Сондай-ақ, карантин режимі шағын және орта бизнеске үлкен қиындықтар туындатуда.

Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінде кәсіпкерлерге қолдау көрсету мәселесіне ерекше назар аударылуын орынды деп есептеймін.

Жалпы, соңғы онжылдықта Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыс атқарылды. Әкімшілік кедергілер азайтылып, жеңілдетілген несиелер ұсынылып, түрлі салықтық преференциялар берілді. Соның нәтижесінде елімізде жалпыұлттық ішкі өнімдегі кәсіпкерлік саласының үлесі 25 пайызға жетті.

Осылайша отандық экономиканың шикізат экспортына тәуелділігін біршама азайтуға қол жеткізілді. Бірақ, қазіргі күрделі кезеңде мемлекет бұл салаға қолдау көрсетпесе осы жетістіктің бәрі бір сәтте жоқ болып кетуі мүмкін.

Шындығында кәсіпкерлік — халықтың ең көп жұмыспен қамтып отырған сала. Демек, оның қиындыққа тап болуы жаппай жұмыссыздықтың өршуіне әкеп соғу ықтимал. Сол себепті Мемлекет басшысының кәсіпкерлікті қолдау мақсатында олардың несиесін кейінге шегеру, салықтан босату секілді қадамдары дер кезінде қабылданған шаралар деп есептеймін.

Карантин режимінің ертерек аяқталуы да кәсіпкерлер үшін өте жағымды жаңалық болар еді.

Сапар Жақыпбеков,
экономика ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазу