Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН

На изображении может находиться: 9 человек, в том числе Ғалымжан Зиябек

Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарымен қатар қазақстандықтар да қатысты. Оның ішінде бізідң қаншама жерлестеріміз қан майданға аттанып, оралмағаны қаншама…
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен онлайн түрде өтетін «МЕН БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫМЫН» челленджі жарияланды.

Өту мерзімі ағымдағы жылдың 27 сәуірі мен 5 мамыр аралығы.

Мақсаты — Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, батырлардың ерліктерін дәріптеу.

Біздің аталарымыз бен әжелеріміздің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы мыңдаған тарих бар. Сондықтан, біздің байқауымыз арқылы осындай оқиғалармен бөлісуді, майдандағы және тылда жанқиярлық, батырлық туралы айтып беруді ұсынамыз.

Байқауға қатысу үшін ата-бабаларымыздың майдан шебіндегі ерліктері туралы, соғыс жылдарындағы жауынгерлердің достығы мен тылдағы еңбектері туралы жазбаны (фотосымен) немесе бейнероликті әлеуметтік (Instagram, Facebook) желіге #Mен_батырдың_ұрпағымын #Түркістаноблысы_қоғамдық_даму_басқармасы #Biz_birgemiz хештегімен жариялау керек.

Үздік жазба мен бейнероликтердің авторларын анықтап, марапаттау жүргізілетін болады.

©Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Пікір жазу