Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОБЛЫСТА ҮШ АЗАМАТ ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

ОБЛЫСТА ҮШ АЗАМАТ ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысы бойынша 28 сәуір күні Арыс қаласының үш азаматы коронавирус инфекциясынан айығып, үйлеріне оралды,  деп жазады облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

1968 жылғы азамат 4 сәуір күні КВИ диагнозы, қосалқы диагнозы жедел пневмония, артериальді гипертензиямен ауруханаға түскен. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруына және 2 рет ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне шығарылды.

Арыс қаласының 1974 жылғы тұрғыны 10 сәуір күні КВИ расталған жағдай, жедел бронхитпен ауруханаға жатқызылды. 26 сәуір күні ПТР зерттеуі теріс нәтиже көрсетіп, науқастың жағдайы жақсаруы себепті ауруханадан шықты.

Арыс қаласының 2018 жылы туған кішкентай тұрғыны да 5 сәуір күнгі талдама қорытындысы бойынша ковид-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Алынған емнен кейін жағдайының жақсаруы және 26 сәуір күнгі соңғы ПТР зерттеуі теріс нәтижесіне байланысты науқас үйіне оралды.

Жалпы облыс бойынша індет жұқтырғандар саны – 117, жазылғандар саны – 29.

© Өз тілшімізден.

 

Пікір жазу