Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ОРАЛУДА

РЕСЕЙДЕ ОҚЫП ЖҮРГЕН СТУДЕНТТЕР ЕЛГЕ ОРАЛУДА

Елімізде төтенше жаңдай жарияланғаннан соң көптеген отандастарымыз түрлі жағдаймен алыс-жақын шетелде болды. Осы орайда мемлекетіміз азаматтарын елге аман –есен жекізу бойынша көптеген шаралапр қолға алып, нәтижелі жұмыстар жүргізуде.

Бүгінде Ресей Федерациясында білім алып жүрген Түркістан облысының студенттері елге оралуда. Тексеруден өткен жастарды азық-түлікпен және көлікпен қамтамасыз етуде Түркістан облысы әкімдігі мұрындық болуда. Осы игі бастама арқасында соңғы аптада 30-ға жуық студент Қазақстанға келіп үлгерген, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Бүгінде «COVID-19» вирусының таралуын болдырмау мақсатында оның 11-і Шығыс Қазақстан облысы, 11-і Павлодар, 5-еуі Солтүстік Қазақстан облысы және 2-еуі Қостанай облысында оқшауланып, медициналық тексеруден өткізілуде. Әзірге 10 студенттің медициналық тексеру қорытындысы шығып, олардың індеттен таза екені белгілі болған. Қазіргі таңда толық тексеруден өткен студенттер Түркістан облысындағы өз үйлеріне жіберілген.
Мамандар жалпы Ресейде қазақстандық мыңдаған студент білім алып жүргенін айтады. Жарияланған төтенше жағдайға байланысты барлық шәкірттер елге қайтарылуда.

© Өз тілшімізден.

Пікір жазу