Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДАУРЫҒУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

ДАУРЫҒУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

Аграрлы аймақ болып табылатын Жетісай ауданы үшін көктемнің бел ортасы нағыз қарбаласқан шақ. Ақпан айының аяғына егілетін ерте пісетін орамжапырақтар бүгінде таңда пісіп алды көршілес мемлекеттерге жөнелтіліп үлгерді. Әлеуметтік желіде қырыққабаттарды блок бекеттерден өткізе алмай жатырмыз ешкім алмай жатыр деген ақпараттар да тарап үлгерді. Қазір жер емген диқандардың бұл мәселесі шешіліп, өнімдері саудаға шығарыла бастады, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі М.Әсембектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Жетісай ауданы бойынша 1161 гектар аумаққа қырыққабат егілсе, оның қазіргі таңда 10 мың тоннасы жиналып үлгерген. Аудан шаруалары өздерінің өнімдерін сату үшін ешқандай кедергі жоқ.  Ол үшін аумақтық инспекция мамандары «Біз Біргеміз» логотипын дайындап, шаруаларға блок — бекеттен кедергісіз өтуге жағдай жасап қойды.
Ауыл дихандарының айтуы бойынша баға карантинге дейінде құбылмалы болған. Айталық, 2016 жылы капуста бағасы 5 теңгеге дейін бағаланған екен. Ал былтыр 210 – 220 теңгеден сатылды. Диханшылық — бір жылдық. «Жыл егіз емес әр жылда әр қалай сатылуы заңдылық»,- дейді дихандар.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу