Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Н.БАЙҒҰТ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Н.БАЙҒҰТ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін жаңадан тағайындалған Түлкібас ауданының әкімі Н.Байғұт Шақпақ блокбекетінің және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің ауданымызға қарасты Шақпақ-баба елді мекені тұсында соғылып жатқан жер асты өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Бірінші кезекте аудан басшысы коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында өңірімізге кіруші жолаушыларды тексеру мақсатында құрылған «Шақпақ» блокбекетінің жұмысымен танысты.
Соңғы мәліметтерге сәйкес елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері «Шақпақ» блокбекетінен 28812 автокөлік, 73434 жолаушы азаматтар тексерістен өткен. Бүгінгі таңда блокбекетте тәулігіне полиция, медицина қызметкерлерінен және залалсыздандырушы мамандардан құралған 30 адам екі кезеңмен қызмет атқаруда.

Полиция және медицина қызметкерлерінің жұмысымен жеке-жеке танысқан аудан әкімі блокбекет жұмысына оң бағасын беріп, күн-түн демей ел үшін қызмет етіп жатқан жандарға алғысын білдірді.
Блок-бекеттін жұмысымен танысып болған соң Нұрлан Мархабатұлы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің ауданымызға қарасты Шақпақ-баба елді мекені тұсында соғылып жатқан жер асты өткелінің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Әзірбайжандық «Эвраскон» мекемесі іске асырып жатқан екі жақтамалы жер асты өткелі оң жақ және сол жақ бөліктен тұрады. Екі жақ бетінің де ұзындығы 840 метрді құрайды. Қазіргі таңда оң жақ өткелінің 580 метрі жасалып, 260 метрі қалып тұр. Ал, сол жақ өткелі толық аяқталған. Бүгінгі таңда сол жақ өткелінде кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Келісім шарт бойынша нысанның құрылыс жұмыстары 2020 жылдың шілде айында аяқталып, пайдалануға берілу қажет болатын. Алайда, бүгінгі таңда елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтап тұр.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу