Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША КҮШ ТАРТЫЛДЫ

МАҚТААРАЛ: АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША КҮШ ТАРТЫЛДЫ

Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдаймен күреске қосымша күш тартылуда, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.
Түркістан облысынан 55 қызметкер 21 мотопомпа, 6 техника, Жамбыл облысынан 50 маман, 8 техника, 3 қайық, 15 мотопомпа келсе, Шымкент қаласынан 40 адам, 8 техника, 10 мотопомпа, 2 қайық, Қызылорда облысынан 45 қызметкер, 6 техника, 4 қайық, 10 мотопомпа келді.


Сондай-ақ Алматы қаласынан Ұлттық Гвардияның 28237 әскери бөлімінен 160 маман, 15 техника Мақтааралға жолға шықты.
Оқиға орнында жалпы жиыны жеке құрамның 350 қызметкері, 43 техника, 9 жүзу құралы, 56 мотопомпа жұмыс істемек.
Атап өтейік, 2 мамырда шұғыл түрде Мақтаарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланып, жедел штаб құрылды.


Авариялық  — құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұмылдырылды.
Бұл техникалар бүгінде су апаты орын алған аймақта авариялық  — құтқару жұмыстарын бастап кетті.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу