Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БЕЙБІТ ӨМІРІМІЗ ҮШІН АЛҒЫС

БЕЙБІТ ӨМІРІМІЗ ҮШІН АЛҒЫС

100 жасқа толған келестік ғасыр әже, тыл ардагері Махира Сейдахметованы Жеңіс мерекесімен құттықтады, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Келес ауданында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы «Жеңістің 75 жылдығы» мерекесіне орай соғыс жылдары тылда қажырлы еңбегі үшін және соғыс жылдары тылда кем дегенде алты ай жұмыс істеген 280 ардагерлерге, соғыста қайтыс болған мүгедектерінің қайтадан некеге тұрмаған 5 жесірлеріне бір мезеттік 12 АЕК жәрдем ақы берілді және Жеңістің 75 жылдығына арналған төс белгілермен мараппаталды.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекесіне орай Келес аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Куралбаева Ақтөбе ауылдық округі Ғ.Мұратбаев елді мекенінің тұрғыны 100 жасқа толған тыл ардагері Махира Сейдахметованың отбасына барып, мерекелік төс белгіні тағып, сыйлық жасап, ақ орамал жауып, құттықтап қайтты. Ардагер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу