Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мен Отан қорғаушылар күні мерекесі қарсаңында Түркістан облысы Полиция департаментінің басшылық құрамы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда қызметінде көп жыл жұмыс істеген ішкі істер органдары ардагерлерінің отбасыларына барды, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов, ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, ТО ПД кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Асқаров, орынбасары полиция майоры Айжан Күленовалармен бірге ардагерлерді және қаза болған ардагерлердің жесірлерін марапаттады.


Мәселен, Арыс қаласындағы қаза болған ардагер Шәкір Егембердиевтің шаңырағына арнайы барып, жұбайы Озипа Егембердиеваны құттықтады. Сонымен қатар киелі облыстың барлық аймағында жалғасын тапқан бұл шара барысында тыл ардагері Төленбек Юсуповтың, ҰОС ардагерінің жұбайы Күләйша Құрымбек, Аташов Ташходжа, Дүйсенбай Сәрсеновтерге де полицейлер атынан арнайы сый сияпаттар табысталды. Сондай-ақ оларға тәртіп сақшылары құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін, жыр шумақтарын арнады. Мереке қарсаңында тосын сыйға кенелген ардагерлеріміз бен олардың жұбайлары ақжарма тілектерін жеткізді.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу