Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » СУ ДЕҢГЕЙІ ЕКІ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТӨМЕНДЕДІ

СУ ДЕҢГЕЙІ ЕКІ МЕТРГЕ ЖУЫҚ ТӨМЕНДЕДІ

Мақтаарал ауданындағы су деңгейі орта есеппен 175 см-ге төмендеді. Өргебаста үш тәулік ішінде су 1 м. 67 см-ге, Фирдоусиде – 1 м. 55 см-ге төмендеген. Бұл туралы «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлімдеді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Су сору үшін «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының техникалары жұмылдырылған. Түркістан облысы ТЖД мен Қазақстанның өзге аймақтарынан да мобильді топтар тартылды.

Қазіргі таңда аталған ауылдарда қызу жұмыс жүріп, нәтижесінде су деңгейі орта есеппен 175 см-ге азайды.

Мақтаарал ауданының елді мекендерін құрғату жұмыстары Қазақстан ІІМ, «Қазсушар» РМК және Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері мен арнайы техникаларымен жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Жетісай ауданы, Қоғалы ауылының жанындағы автомобиль жолының бойында нығайту жұмыстары жүргізілді.

Нұрлыжол, Фирдоуси, Оргебас, Ырысты, Жантақсай елді мекендерінің аумағында 85982 қап төселіп, ұзындығы 22 шқ. құрайтын құм салынған уақытша бөгеттер салынды. 80 бірлік техника жұмылдырылды. 3 коллектор салынды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 1635 адам, 297 бірлік техника, 17 қайық, 217 мотопомпа жұмылдырылды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу