Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТТЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚАҺАРМАНЫ БОЛҒАН

ОТТЫ ЖЫЛДАРДЫҢ ҚАҺАРМАНЫ БОЛҒАН

Өткен ғасырдың 1941-ші жылы маусымның 22-сінде фашистер түн жамылып келіп, қапыда тұтқиылдан Отанға оқ атқылады. Бұл елім деген ерлердің сыналатын кезі еді. Соғыс – қайда болса да сұрапыл қайғы, қасірет, қан, көздің жасы, маңдайдың тері, өлім, қыршынынан қиылған боздақтар, әкесінен айырылған бала, бауырынан айырылған қарындас сол жылдары жапа шекті.

Неміс басқыншыларының дүниежүзіне үстемдік орнату жолындағы жасаған соғысы жеңіліспен аяқталды. Өз Отанын қорғауға ұмтылған, елін шын сүйетін ұл-қыздар бұл зұлым ойдың тас-талқанын шығарды. Осы соғыс жылдары әрбір бесінші қазақстандық соғысқа аттанды. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарында ерлікпен соғысты. Батыр жерлестеріміз қасық қаны қалғанша жаумен алысты. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының тарихына талай қаһармандық беттер қосты. Батыр ағаларымыз бен аталарымыз ержүректік, ерлік және жоғары жауынгерлік шеберлік көрсетті. Фашизмге қарсы соғыс жеңіспен аяқталды.

Осындай жау жүрек майдангердің бірі, атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері Қуатбек Темірбаев туралы сөз қозғамақпын. Ол 1916 жылы Түркістан ауданындағы Аша елді мекенінде дүниеге келген. Соғысқа дейін Түркістан ауданындағы педогикалық училищені бітіріп, Глинькова селосында орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеп жүргенде әскер қатарына шақырылады.

Майдан басталған күннен жаумен шайқасып, ерен ерлік көрсеткен. Невель қаласының түбінде жаралы болып, 1944 жылы елге аман есен оралады. Соғыста взвод командирі болған. Бірінші дәрежелі «Ұлы отан» соғысы орденімен және 10 медальмен марапатталған. Жеңіспен елге оралғаннан кейін Түркістан ауданында МТС директорының саяси ісі жөніндеге орынбасары, Крупская колхозының басқарма төрағасы болды. 1985 жылы зейнетке шыққанға дейін Ленинизм колхозында қой фермасының менгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 жылы дүниеден өтті. Бүгінгі таңда өзінен өрбіген ұл-қыздары әке өнегесін үлгі тұтып, түрлі жауапты салаларда жемісті қызмет атқарып келеді. Ендеше бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің қадіріне жете білейік дегім келеді.

Алмасбек ТЕМІРБАЕВ,
«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы
төрағасының бірінші орынбасары.

 

Пікір жазу