Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА

ЕРЛІККЕ ҮНДЕЙТІН ЕСКЕРТКІШ ТАҚТА

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысының отты жылдарында  майдан даласында мерт  болған жауынгерлер ерлігін  есте сақтау бүгінгі ұрпақ парызы. Ордабасы ауданы Қайнар елді мекенінде «Ордабасы құс» ЖШС-нің басшысы Мұрат Тағаевтың демеушілігімен боздақтарға арналған ескерткіш тақта тұрғызылды, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Г.Ахметқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Қайнар ауылынан соғысқа аттанған 141 майдангердің  есімі  енді  олардың  туған-туыстарының, ауылдастарының көз алдынада болмақ. Жауынгерлердің  есімдері ойылып жазылған ескеркіш тақта Қайнардағы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы  орта мектептің алдынан бой көтерді. Жаңа монументті жасауға  төрт миллион екі жүз сексен мың қаражат бөлінген. Нәтижесінде биіктігі екі метр тас тұғыр мен отан қорғаушы сарбаздың бейнесі бой көтерді. Гранит тақтайша мен мәңгілік алаудың құрылысы бір айдың көлемінде жүргізілді.
Бейбіт күннің бағасын тәулсіздіктің құнын  бүгінгі ұрпақ көкейіне түйіп өсуі тиіс. Шейіт болған боздақтарды еске алған  ауыл азаматтары  сұрапыл  күндердің қайталанбауын тіледі. Ескерткіш  алдына гүл шоқтарын қойды.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу