Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын жалғастыруда. Аталған орталық еріктілері қайырымдылық барысында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін үлестірді.

Ұйымдастырушылар тарапынан басты қажеттіліктер ескеріліп, тұрмыста көп тұтынатын ұн, қант, ақ май, макарон, қарақұмық, шай және көкөніс өнімдері мен тәттілер таратылған.

Осындай өзгелерге үлгі боларлықтай тәрбиелік мәні бар игі шаралар еріктілер тарапынан тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жастар ресурстық орталығы мамандарының айтуынша, бұндай қайырымдылық әрекеттерін жасау дәстүрге айналған. Қиналған жанға сәл де болса көмектесу – ең ізгі қасиеттердің бірі болып табылады.

Ал, еріктілер болса: « Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Кішкене де болса, қамқорлыққа мұқтаж жандарға септігіміз тисе қуанамыз” – деп атап өтті өз сөздерінде.

Айта кетейік, жыл басынан бастау алған «Жанға жылу» қайырымдылық акциясы аясында 600-ден астам отбасыға көмек көрсетілген. Жастар ресурстық орталығы мұқтаж отбасыларға қол ұшын беру – ұлттық болмысымызға тән, жарасымды үрдіс деп есептейді.

 

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу