Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін таңертең Абай ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған 9 базарға дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, банктерді де санитарлық тазалау барысы іске асырылды.

Еліміздегі төтенше жағдай кезіндегі негізгі талаптың бірі бұл санитарлық нормаларды сақтау, дезинфекция жұмыстарын тұрақты жүргізу.  Осы орайда, тек жеке азаматтар ғана емес, қала көшелері мен ірі ғимараттардың санитарлық талапты сақтауы басты назарда екені белгілі. Карантин кезінде тұрғын үйдің айналасын да талапқа сай дезинфекция жұмыстарын жүргізген абзал. Атап айтсақ, Темірлан тас жолындағы «Халық банк» пен «Каспий банк», Б.Момышұлы және А. Асқаров көшелеріндегі Халық банк. Ал «Хоум банкте» де санитарлық талаптар қатаң бақылауда. Яғни, қаржы ұйымдарында жағдай тұрақты.

Осы ретте дезинфекциялық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Айта кетсек, залалсыздандыру шараларына қатысты сұрақтар бойынша, қала тұрғындары аудан әкімдіктерінің төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласуы керек.

Абай ауданы: 53-03-20
Әл-Фараби ауданы: 54-96-54
Еңбекші ауданы: 8778-310-58-61, 8701-701-30-33
Қаратау ауданы: 77-45-63

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу