Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

Түркістан облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өткізілуде.
Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру.
Өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен өңірлік конкурстық комиссиясы құрылды.

Өңірлік конкурстық комиссия құрамы келесі тұлғалардан тұрады:
1) Комиссия төрағасы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы – Шілманов Айбек Ақбергенұлы;
2) Комиссия мүшесі – Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы – Тұрғымбеков Әуелхан Елтайұлы;
3) Комиссия мүшесі – «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы;
4) Комиссия мүшесі – «Түркістан облысы бойынша іскер әйелдер ассоцияциясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Намазбаева Инара Абдигаппарқызы;
5) Комиссия мүшесі – «Егемен Қазақстан» жалпыұлттық республикалық газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі – Елшібаев Ғалымжан Қамытбекұлы;
6) Комиссия мүшесі – Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін уақытша атқарушы – Құлажанов Қуандық Салыбекұлы;
7) Комиссия мүшесі – Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы – Абдуллаев Арман Айдарұлы;
8) Комиссия мүшесі – Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы — Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы;
9) Комиссия мүшесі – ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры – Момынқұлов Жанат Байжомартұлы;
10) Конкурстық комиссия хатшысы – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының жетекші маманы – Жұмабаев Сұлтан Бақытжанұлы.
Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қабылдау 22 – 29 мамыр аралығында жүргізілді. Конкурсқа құжат тапсырған мемлекеттік қызметшілер саны – 29. Олардың ішінде:
Жергілікті атқарушы органдардан – 25 адам, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен – 4 адам.
Құжат қабылдау аяқталғаннан кейін, конкурсқа қатысушыларды ҚР БП құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің базасы арқылы соңғы 1 жыл ішінде жасалынған әкімшілік құқық бұзушылықтарының бар немесе жоқтығы бойынша ақпарат алынып, 2 мемлекеттік қызметшіде осы фактілер анықталды.

Келесі іріктеу кейстік тапсырманы орындау арқылы жүргізілді. Ағымдағы жылдың 30 мамыры, сағат 10:00-де кейстік тапсырма бір мезетте барлық қатысушылардың WhatsApp және жеке пошталарына жолданды. Конкурсты өткізу қағидасына сәйкес, кейстік тапсырмаға бейне жауап әзірленіп, тапсырма берілген күні 23:59 сағаттан кешіктірілмей жауапты маманға жолдану қажет. Өзінін бейне жауаптарын 23 мемлекеттік қызметші уақытылы жолдай отырып, өңірлік комиссия отырысына жіберілді.

Ағымдағы жылдың 1 – 5 маусым аралығында өңірлік комиссия отырысы қашықтық форматта жүргізіліп, Республикалық комиссияның қарауына 3 үміткер жіберілетін болады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу