Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 30 КӘСІПОРЫН АШЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

30 КӘСІПОРЫН АШЫЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

Шымкентте 100 жаңа тауар түрін шығаратын 30 кәсіпорын ашылу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Бизнеске арналған Үкімет- Shymkent INVEST» кеңсесінің ашылу барысында Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев айтты.

Іс-шара барысында сөз алған Шымкент қаласы кәсіпкерлер Палатасының директоры Нұрлан Қабиштаев мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік саласында жыл соңына дейін жалпы 29,5 млрд. теңге игеру жоспарланғанын атап өтті.

– Бағдарлама аясында нишалық жобаларды іске асыру қолға алынып жатыр. Қазіргі таңда, кәсіпорындармен осы нишалық жобалардың тізімін жасақтау үстіндеміз. Бүгінде 80-нен астам нишалық жобалар жасақталды. Осының аясында, біз импорт алмастыруды қамтамасыз етіп, 400 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтып, 100 жаңа тауардың түрін және жаңа 30 кәсіпорын ашуды көздеп отырмыз. Бұл бастаманы Микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландыруды көздеп отырмыз. Бұдан бөлек, Микроқаржы ұйымы «Еңбек» бағдарламасы аясында бөлініп жатқан қаржыларды да игеруге ықпалын тигізеді», -деді Нұрлан Қабиштаев.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу