Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ШАРДАРАЛЫҚТАР БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАРДАРАЛЫҚТАР БАЛАЛАРДЫ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

1- маусым балаларды қорғау күніне орай Шардара аудандық білім бөлімімен «Біз біргеміз» қайырымдылық жобасы бірлесе отырып мүмкіндігі шектеулі балаларға базарлық жасады. Періште пейілді балғындардың қуанышымен бөлісіп, бағалы сыйлықтар табыс етті, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ә.Дәулетбекқызының материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Балалар әрбір шаңырақтың қуанышы әрі мақтанышы. Олардың тәрбиесі ата – аналармен ұлағатты ұстаздардың мойнында екендігі баршамызға хақ. Балаларға әрбір күн мереке. Осы сөзді ұстанған білім бөлімінің мамандары инклюзивті дәріс алатын балғындарды мерекесімен құттықтап арнайы сыйлықтар табыс етті.

Бұл күні Ерхан Алиакпардың қуанышында шек болмады. Ол ұстаздарына өзінің арнайы жаттаған жыр шумағын айтып, мектепке деген сағынышын жеткізді.

Қолға алған игі іске ата-аналар да дән риза. Балаларды  ұмыт қалдырмай үміт отын сыйлап келген ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Айта кетейік, бүгінде Шардара ауданы бойынша 221оқушы инклюзивті білім жүйесі бойынша дәріс алады. Оның 115 -үй жағдайында оқытылады.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу