Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ГҮЛЗАР КЕНТ

ГҮЛЗАР КЕНТ

Шымкент қаласының тарихында өшпес із қалдырып, шаһардың үшінші мегаполис мәртебесін алуына, тіпті, ондаған жылдар бұрын сүбелі үлес қосқан Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың ескерткіші тұрған гүлзар шаһар тұрғындарының сүйікті мекені, деп хабарлайды DIDARBEK.kz ақпарат агенттігі. Асанбай Асқаров — Шымкент облыстық партия комитеттерінің бюро мүшесі, сол облыстардың Атқару комитеттерінің депутаты болып сайланған.

Шымкенттегі «Жасыл қала» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысшылары 2 мың шақырымнан астам аумақты қала тұрғындары үшін демалатын орынға айналдырды. Сала мамандарының айтуынша, мұнда 470 шаршы метр аяқ жол салынып, көкмайса егілген. Және үлкенді кішілі жиекшамдар орнатылып, орындықтар мен қоқыс құтылары қойылған. Гүлзарда демалушы көпшілік алғысын білдіруде.

«Бұрын бұл жерде орындықтар аз болатын, көгалы аздау еді. Мен осы маңда 40 жылға жуық тұрып келемін. Шаһарымыз күн санап көркейіп келеді. Тағы үш-төрт жыл ішінде гүлзар ажарлана түсері анық. Қала басшылыға алғыс білдіремін», — деді қала тұрғыны Ольга Павлова.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу