Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Шымкент қаласы Полиция Департаменті Қаратау АПБ-ның қызметкерлері еріктілермен бірлесіп, төтенше жағдайға байланысты қауіптің алдын алу мақсатында қолға алынған жұмыстар барысында тұрғындарға насихаттау және түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Іс-шара барысында ірі сауда орындардың, азық — түлік дүкендердің, дәмханалардің, мейрамханалар және барлық сауда орындардың иелерін санитарлық және дезинфекциялық тазарту жұмыстарын үнемі жүргізуге шақырды.

Сондай-ақ, аталған нысандардың жұмыс кестесіне шектеу қойылғанын және олардың иелері талаптарды орындамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша тартылатыны туралы ескертілді.

Жалпы, медицина мамандарының айтуынша карантин талаптарын қатаң сақтап, бірқатар ережелерді ұстану арқылы адам вирустық инфекцияның жұғуынан сақтана алады. Айтап айтқанда қолды жиі сабындап жуу, медициналық маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыру, адам көп жиналған жерлерге бармау, жуылмаған жеміс-жидектерді, шикі сүт өнімдерін, шала піскен ет тағамдарын жемеу.

Шымкент Қаласының Полиция Департаменті

Пікір жазу