Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше » ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Әлемді шарлаған ауыр дертке байланысты «Түркістан облысы тұрғындары арасында да коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу, әрі қарай карантиндік режим ұзартылып және шектеу шараларының талабы күшейтілді.
Осыған байланысты «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облысы Жетісай аудандық комитетінің төрағасы Даулет Сапаров бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларымен мекемелердегі ұжым мүшелерінің санитарлық режим талаптарының сақталуына тексеріс жүргізді.
Мекеменің кіре берісте кезешілік қою, бетперде кию, дене қызуын өлшеу, антисептиктердің, жеке және ұжымдық қорғаныс заттарының болуы мен олармен қамтамасыз етілу жағдайы, қызметкерлер және қызметалушылар арасындағы қашықтықты сақтау, жұмыс орнын дезинфекциялау, еденді хлорлы сумен жудыру, санитайзерлер, термометрлер, әлеуметтік қашықтықты сақтау жағдайы тексерілді.
Нәтижесінде қызметкерлердің 70% қашықтықта- онлайн режимде жұмыс атқарып, 30% қызметкерлер жұмыс орнында карантиндік режим талаптарына сәйкес өз қызметтерін атқаруда.

© «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы»
аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу