Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТ: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ 8 МЫҢНАН АСТАМ НЫСАНҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгінгі таңда карантин режимін сақтау бойынша 8 392 нысанға мониторинг жүргізілген. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Жұмабек Ержанов айтты.

– Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР ӘҚтК 425-бабы 1-бөліміне сәйкес біршама кемшіліктер анықталды. Нысандардың жауапты тұлғаларына және жеке тұлғаларға 238 хаттама толтырылып (жеке кәсіпкер-10, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-226), жалпы сомасы 13 848 330 теңгеге айыппұл салынды -деді Ж.Ержанов.

Мониторинг жүргізілген нысандардың 4548-і тағам нысандары болса, 3844-і — коммуналдық нысандар.

Әкімшілік шара қолдануға себеп болған негізгі кемшіліктер ретінде келесілерді атап өтуге болады:

— карантин уақытында тыйым салынған қоғамдық моншалардың, сауналардың, компьютер клубтары, сұлулық салондарының, СПА орталықтарының жұмыс жасауы;
— қоғамдық тамақтану, сауда орындарының шектелген уақыттан тыс жұмыс жасауы;
— қызметкерлердің, жұмысшылардың, тұрғындардың бетперде режимін сақтамауы, арнайы киім, қолғаптардың болмауы, дезинфекциялық режимнің сақталмауы.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу