Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында алты айда 110 миллиардқа жуық инвестиция тартылды, деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылдың алғашқы 6 айында Шымкент қаласына тартылған инвестиция көлемі 24,8 пайызға артып, 108,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде мемлекеттік бюджеттен 45,5 млрд. теңге, жеке көздерден – 63,3 млрд. теңге есебінен келіп түскен.

Сондай-ақ, Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды — инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенер болсақ, шаһарда 2020 — 2024 жылдар аралығында жүзеге асырылатын 13 инвестициялық жобаның базасы жасақталған. Бұл жобалардың жалпы құны 1,3 трлн. теңгені құрап отыр. Нәтижесінде 9 500-ден аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

Биыл соның ішінде қала көлемінде құны тоқсан млрд. теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобасы іске асырылып, екі мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтіліп отыр. Ал шетелдік инвесторлардың қатысуымен 25,9 миллиард теңгеге 5 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу