Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАНУДА

САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАНУДА

Шымкент қаласының Абай ауданында карантиндік талаптарды сақтамаған төрт ірі базар әкімшілігі жауапкершілікке тартылған. Жалпы аудан аумағында 13 базар ораналасқан. Бүгінге дейін сақтық шараларына немқұрайлы қараған кәсіпкерлерге 11 млн теңге айыппұл салынды.

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов «Самал» базарында санитарлық нормалардың сақталуы бойынша өткен баспасөз брифингінде осылай деп мәлімдеді.

– Аудан аумағында әкімшілік мамандары, құқық қорғау органының өкілдері, базар әкімшілігі халыққа күнделікті түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Базарлардың бәріне күнделікті кезекшілік ұйымдастырылған. Базар әкімдігі күніне екі рет залалсыздандыру жұмыстарын атқаруда. Кіреберіс жерлерде санитарлық талаптар сақталған. Қала ішінде көптеген сауда орындары, банктер, кәсіпкерлік нысандары карантиндік талаптарға сәйкес жұмыс жүргізуі тиіс. Дегенмен тұрғындар да осы мәселеге көңіл бөлсе дейміз. Көпшілік орынға баратын кезде міндетті түрде бетперде тағып, сақтық шараларына мән берсе. Әркім өзінің денсаулығына жауапты, – деді аудан әкімі.

Аудан аумағында түсіндіру жұмыстары тұрақты атқарылуда. Ендігі кезекте кәсіпкерлер де, қала тұрғындары да жауапкершілікті сезінуі тиіс.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу