Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУҒА ҮЛКЕН ҚОЛДАУ БОЛАДЫ

ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУҒА ҮЛКЕН ҚОЛДАУ БОЛАДЫ

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын теледидардан жіті тыңдадық. Президенттің еліміздің дамуы, әлеуметтік сала, денсаулық, білім, ғылымды, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту, яғни барлық сала бойынша айтылған сөздерін саралап отырмыз. Мемлекет басшысы экономикалық дамудың алдағы жоспарларын егжей-тегжейлі баяндап берді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі жағдайда шикізаттық экономикадан қашып өңдеу өнеркәсібін қолға алу керектігін назарға салды. Соның ішінде жеті түрлі бағытты ұсынды. Олар мемлекет табысының тең бөлінуі, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, нарықтың ашықтығы, еңбек өнімділігін көтеру, адам капиталын арттыру, жасыл экономика және жауапкершілікті күшейту.

Сонымен бірге Жолдауда Президент өңделген тауардың үштен екісі елімізге сырттан әкелінетінін айтып өтті. Осыған орай Үкіметке өнеркәсіп саясатын оңалтатын заң қабылдауды тапсырды. Және де отандық кәсіпорындарды өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету керектігіне ерекше тоқталды. Сондықтан «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасымен бірлесіп, өнімдердің қазақстандық мазмұнын байыту шарасын қайта қарап шығуға тапсырма берді. Осы аталған бастамалар алдағы жылдары ел экономикасын алға сүйреп, халықтың әлеуметтік қамсыздандыруына үлкен қолдау болады деп сенеміз.

Әбілқасым ДОСБОЛОВ,
Қоғам қайраткері

 

Пікір жазу