Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » «АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ 20 ЖЕРГЕ ОРНАТЫЛДЫ

«АҚЫЛДЫ КҮНБАҒЫС» ЖҮЙЕСІ 20 ЖЕРГЕ ОРНАТЫЛДЫ

Тұңғыш Президент Н.Назарбаев бір сөзінде «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп республикадағы бірнеше шаһарды ақылды қалаға айналдыру керектігін айтқан болатын. Соның ішінде Шымкент қаласы да инновацияға бет бұрып келеді.

Жақында «Ақылды қалалар» эталондық стандартына сәйкес Шымкент қаласында «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық жүйесі іске қосылды. Аталған жүйе саябақтар мен қоғамдық орындарда тұрғындардың телефондарын қуаттап, жалпыға қолжетімді Wi-Fi пайдалануына мүмкіндік береді. Құрылғы күн көзінен қуат алатын панельдер мен аккумуляторлар арқылы жұмыс жасайды. Күнбағысқа кез-келген қала тұрғыны мен қонақтары демалып әрі телефон құрылғысын қуаттай алады.

«Ақылды күнбағыс» кешені Шымкентте 20 жерге орнатылды. Олар – Тәуелсіздік саябағы – 6, Орталық саябақ – 3, Металлург саябағы – 3, Жеңіс саябағы – 3, Дендро саябағы – 3, Қошқар ата – 2.
Айта кетейік, Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бірнеше бағытта дамып келе жатқанын мәлімдеді. Олардың арасында денсаулық сақтау, білім беру, көлік, қауіпсіздік және тұрғын үй-коммуналды шаруашылық салалары бар.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу