Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ШЫМКЕНТ: ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛУДА

ШЫМКЕНТ: ГАЗОСИГНАЛИЗАТОР ҚҰРЫЛҒЫСЫ ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте газосигнализатор құрылғысы емеушілер есебінен орнатылуда, деп жазады қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.

Қаладағы жеке сектордағы тұрғын үйлерде улы газдан уланудың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өтуде.

Әл-Фараби ауданының әкімі аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысымен бірлесе «Химфарм» шағынауданының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жауапты мамандар жыл басынан бері әлеуметтік жағдайы төмен 250-ден астам отбасыға «Газосигнализатор» құрылғысын орнатып берді. Дабыл қаққыш құрылғы улы газдан уланудың алдын алуда таптырмайтын құрал.

Улы газдың көлемі артса, бірден дабыл береді.
Аталған акция тамыз айының 15-нен бастап, қыркүйектің 15-не дейін жүргізіледі. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандары әр үйге кіріп, тұрғындарға өрттің алдын алу шараларын таныстыруда.
Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, биыл аудан аумағында («Химфарм», «Сәуле» шағынауданы) 700-ге жуық отбасыға демеушілер есебінен аталған құрылғы орнатылмақ.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу