Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖӘРМЕҢКЕ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

ЖӘРМЕҢКЕ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі қайта жұмысын бастайды, деп жазады қалалық ақпараттық — коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі.

Қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды.

Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық — түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады.

Бұл жөнінде қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке өткізу кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді.

Айта кету керек, жәрмеңкеде жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімдері сатылады. Ет, сүт, бау — бақша, көкөніс, макарон, шұжық, тұрмыстық химия, текстиль жəне өзге де өнімдер базар нарқынан тауар түрлеріне қарай 10-15 пайызға төмен ұсынылады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу