Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЗАРЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЗАРЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Биыл Шымкент қаласындағы бірқатар гүлзарда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осыған орай қала әкімі Мұрат Әйтенов гүлзарларды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

Шаһар басшысы алдымен 2006 жылы бой көтерген «Шәмші әлемі» гүлзарына барды. Гүлзардың жалпы алаңы – 2,62 гектар. Мамандар тарапынан «Шәмші әлемі» гүлзарына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызынан астам плиталық төсеніштерінің жөндеуді қажет ететіні және сахна айналасындағы су бұрқақтың жабындары, темір бүріккіштерінің шірігені, талапқа сай күтіп ұстау жұмыстарын атқару мүмкін еместігі белгілі болған. Сондықтан қазір мұнда нысанның плиталық төсеніштерін толықтай жаңарту, суғару жүйесін алмастыру, көгалдандыру және қосымша көркейту элементтерін орнату жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жоба қазан айына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Кейіннен Мұрат Әйтенов абаттандыру жұмыстары аяқталған «Чернобыль» гүлзары мен «Балалар темір жолының «Спорт» станциясын аралады.

«Чернобыль» сквері 2004 жылы пайдалануға берілген. 2019 жылы скверін абаттандыру жұмыстарының сметалық құжаттары әзірленген. Осыған орай «жұмыспен қамту жол картасы» аясында қаржы бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоба бойынша плиталық төсеніштері толықтай жаңартылып, суғару жүйесі алмастырылды. Сондай-ақ, 29 жарықшам, 22 орындық, қоқыс жәшіктері орнатылған. 0,47 гектарды құрайтын «сквер» жаңа кейіпке еніп тамыз айында ел игілігіне берілді.


Ал «Балалар темір жолының «Спорт» станциясының жұмыстары қыркүйекте аяқталды. Жобаға сәйкес қараусыз қалған станция аумағы көгалдандырылып, плиталық төсеніштер салынған. Қосымша жарықшамдар мен балаларға арналған спорт элементтері орнатылған. Сонымен қатар мұнда станциясның перрон аумағы, тұрғын емес ғимараттары және тепловоз тұрақтары талапқа сай абаттандырылған. Яғни стадион аумағына келіп, спортпен шұғылданушылардың демалысы үшін жағдайлар жасалған.

Атап өтсек, гүлзарлардағы абаттандыру жұмыстары кезінде 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу