Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖҮЛДЕГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкентте «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен онлайн форматта өткен байқаулар мәресіне жетті. Жүлдегерлерді химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде Шымкент қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан марапаттады. Жеңімпаздарға дипломмен бірге Александр Бектің қазақ, орыс тілдеріндегі «Волоколамск тас жолы» кітабын сыйға тартылды.

– Абай атамыз: « Адам баласы тегінде ақыл, білім, ар, мінезбен ғана озады. Қалған нәрсемен озудың бәрі ақымақтық» дейді. Конкурстарда зейінді, алғыр балалар топ жарып отыр. Осы орайда, балалардың талантын ашуда еңбек етіп жүрген орталыққа алғысымды білдіремін. Жетістіктеріңіз құтты болсын! — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Марапат алған дарынды оқушылардың қатарында, «Ғылым әлемін ашамыз» халықаралық ғылыми жоба конкурсының жеңімпазы, Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Нұржігіт Рахымбай, республикалық Абай оқулары байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы А. Құнанбаев атындағы балаларға арналған мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Дариға Малуметова, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы Данияр Нұршарап, №3 жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Асема Орынбай сынды 17 жүлдегер оқушы бар.

Айта кетейік, Дарын орталығында 5500 бала білім алады. Талантты балаларды қолдау мақсатында «Шымкент дарыны kz» сайты мен парақшасы жұмыс істейді.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу