Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » МЫҢ АСҚАНҒА — БІР ТОСҚАН

МЫҢ АСҚАНҒА — БІР ТОСҚАН

Шымкент қаласында Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері зейнет ақы шығарып беремін деп алаяқтық жолмен ақша алған күдіктіні ұстады.

2020 жылдың 16 қыркүйегінде Әл-Фараби АПБ кезекші бөлімінің «102» сымтетігіне апалы-сіңлілер жергілікті тұрғындар хабарласып, таныс азаматша «мүгедектік бойынша зейнет ақыға шығарып беремін» деген желеумен сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолмен шамамен бірінен 135 000 теңге, ал екіншісінен 270 000 теңге ақшасын алып, қайтармай жүргені туралы арызданған.

Аталған жайттар Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК- нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктіні анықтап, полицияға жеткізді. Ол 1986 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды, әрі негізді процестік шешім қабылданады.

© DIDARBEK.kz

 

Пікір жазу