Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қаладағы клиникалық балалар ауруханасына жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған.

Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.

Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ-на алғысын білдірді.

Айта кетейік, “Асар” шағынауданындағы балалар ауруханасы – қаладағы 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.

 

Пікір жазу