Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ГАЗ КІРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

ГАЗ КІРГІЗІЛЕ БАСТАДЫ

На изображении может находиться: один или несколько человек, люди стоят, небо и на улице

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Ұзынарық, Диханкөл елді мекендеріне газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Газ тарту жұмыстарын «Azia RC» ЖШС мердігер мекемесі қолына алып отыр.
На изображении может находиться: люди занимаются спортом, небо и на улице
Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Қалған Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады. Нәтижесінде Қоғалы ауылдық округінде жалпы 613 абонент, Қасқасу ауылдық округінде 789 абонент көгілдір отынмен қамтылады.
На изображении может находиться: один или несколько человек и на улице
Сондай-ақ, Достық елді мекені Астана көшесінің, Киелітас елді мекенінің Қарауылтөбе және Қорған көшесінің, Қарақия елді мекені Қарақия көшесінің тұрғындары жуық арада табиғи газдың игілігін көрмек. Нәтижесінде аудан тұрғындары толығымен 100% көгілдір отынмен қамтылатын болады.
© Төлеби ауданының баспасөз қызметі

Пікір жазу